«Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балапан» мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтер:
1) Мекеменің атауы: «Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балапан» мектепке дейінгі ұйымы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Пайдалануға берілген жылы: 2011 жылы. Сыйымдылығы 50 орын.
2) Білім беру ұйымының орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылы, Аманкелды көшесі 15 ғим.
3) Заңды тұлғаның байланыс деректері: 871 339 23 1 18, электронды поштасы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
4) Заңды тұлға өкілінің деректері: Абдиганиева Айдана Кабылбаевна, 2016 жылы 26 желтоқсан №228 Әйтеке би аудандық білім бөлімінің бұйрығымен тағайындалған.
5) Құқық белгілейтін және құрылтай құжаттары:
Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының Әйтеке би аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімімен 13.01.2021 жылы берілген, БСН-04094005510, алғашқы мемлекеттік тіркеу күні 12.12.2006жыл.
Ұйымының Жарғысы – Ақтөбе облысы әкімдігінің 23 «желтоқсан»2020ж №469 қаулысы негізінде құрылды.